Зинедин Зидан әлемдегі ең мықты бапкерді атады

BBC, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2020 17:44 BBC
Ол әріптесін үздіктер ішіндегі мықтысы деп мойындады.

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан англиялық "Манчестер Ситиді" жаттықтыратын Хосеп Гвардиоланы әлемдегі ең мықты маман ретінде мойындады, - деп хабарлайды vesti.kz.

"Ол мұны "Барселона", "Бавария" мен "Манчестер Ситиде" көрсете алды. Үздік бапкерлер көп, бірақ, меніңше ол ең мықтысы", - дейді Зидан.

Айта кетейік, "Реал" мен "Сити" - Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарсыластар. Бірінші матч ақпанның 26-нан 27-не қараған түні Мадридте, ал қарымта - 17 наурыз Манчестерде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: