Жаңалықтар тізбегі
0

2020 жылдың соңына дейін 900 ауыл жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамсыздандырылады

googleusercontent.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2020 22:54 googleusercontent.com
Бүгіндері Қазақстан Интернет тарифінің төмендігімен әлемдегі бес елдің қатарына енеді.

Жыл соңына дейін 900-ден астам ауылдық елді-мекендер 3G және 4G жылдамдықтағы Интернетпен қамтылады, деп мәлімдеді ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустрия вице-министрі Дарын Тұяқов ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

13 ақпаннан бастап министрлік әкімдіктермен меморандумға, кесте-жоспарына қол қойды. Онда ауылдық жерлерде мобильді Интернетті дамыту бойынша жұмыстар қарастырылған. Осы жылдың аяғына дейін 250-ден астам адамы бар 928 ауылдық елді-мекен 3G және 4G жоғары жылдамдықтағы Интернет технологиясымен қамтылады, - деді Тұяқов.

Оның айтуынша, бүгіндері Қазақстан Интернет тарифінің төмендігімен әлемдегі бес елдің қатарына енеді.

Оның айтуынша, елде төтенше жағдайдың енгізілуімен қалаларда да, ауылдарда да адамдардың Интернеттің сапасына деген сұранысы артты, бұл өз кезегінде желіге үлкен жүктеме түсіреді.

Қазір бүкіл әлемде дәл осындай жағдай. Жаппай оқшаулау кезеңінде үй желілеріндегі белсенділік өсуде. Біз бұл жағдайды қадағалап отырмыз. Телекоммуникация операторларымен бірлескен алға құрған жұмыс жоспарымыз бар. Біздің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап беру үшін барлық шараларды қолданатындығымызға сендіргім келеді және жағдайды бақылауды жалғастыра береміз, - деп сендірді Тұяқов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: