Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрлігі Ермекбаевтың неге өз еркімен отставкаға кетпегенін түсіндірді

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2020 18:45 inbusiness.kz
Редакция сауалына берілген жауап хатта Нұрлан Ермекбаевтың аймақтық бөлімшелер басшыларына жауап бермейтіндігі айтылған.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы басшысы Марат Есеновтің сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталуына байланысты өз еркімен отставка сұрамайды. Бұл арада басқа жауапты адамдар лауазымынан айрылуы керек, - деді ҚР Қорғаныс министрлігі zakon.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында.

Батыс Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы бастығы Марат Есеновке қатысты сот үкім 2020 жылы 4 маусымда заңды күшіне енді. 200 мың теңге пара алғаны үшін оған 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді, сондай-ақ ол полковник шенінен айырылды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

2019 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басшылардың қол астындағылары үшін жауапкершілігі туралы Заңға қол қойды. Заңға сәйкес, бірінші басшы сот үкімі заңды күшіне енгеннен немесе қол астындағы адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

Сондай-ақ заңда орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) қол астындағы аймақтық бөлімнің бастығы (БҚО қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы) үшін жауапты болып табылады деп белгіленген. Осыған байланысты Zakon.kz редакциясы Қорғаныс министріне жоғарыда аталған жайт бойынша оның отставкаға кету-кетпеуіне байланысты сауал жолдаған.

Оған министрдің орынбасары Тимур Дандыбаев қол қойған жауап хат келді. Онда Нұрлан Ермекбаевтың аймақтық бөлімшелер басшыларына жауап бермейтіндігі айтылған. Сотталған БҚО қорғаныс істері жөніндегі бұрынғы бастығы Марат Есенов үшін Бас штабтың құрылымдық бөлігі болып табылатын Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментінің біреуі орнынан кетуі керек екен.

Қорғаныс министрлігі өздерінің айырықша құзырлы орган екенін баса айтты. Егер басқа министрліктердің орталық аппарат сияқты функциялары мен міндеттерін орындайтын аймақтық департаменттері бар болса, яғни тек облыс шегінде, ал Қорғаныс министрлігінде бірдей функциялары бар аумақтық бөлімшелері жоқ.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қорғаныс министрлігінің аумақтық органы болып табылмайды, мысалы, әскери госпиталь, аудандық эксплутациялық бөлім немесе кез-келген әскери бөлім секілді. Бұл Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада айқын көрсетілген. Мұның бәрі - қорғаныс ведомствосының аумақтық органдары болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер.

Бізде аймақтық деңгейде 17 қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, жүздеген әскери бөлімдер бар, бірақ олардың барлық командирлері (бастықтары) қорғаныс министрі тағайындағанына қарамастан тікелей министрге бағынады дегенді білдірмейді. Тиісінше, қорғаныс министрі облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының жасаған сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін отставкаға кетуіне заңды негізі жоқ, өйткені ол Қарулы Күштердің Бас штабының құрылымдық бөлігі болып табылатын Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары басқармасына тікелей бағынады, деп айтылған жауапта.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі әскерилер үшін "отставка" ұғымының ерекше мәні бар екенін түсіндірді.

Бұрын, белгілі бір деңгейде отставкаға кету туралы өтініш, әсіресе соғыс уақытында, әскери қызметтен жалтару, тіпті әскери міндеттен қашу деп түсіндірілетін. Әскери қызметкер немесе офицер, майдан кезінде отставкаға мүлде кете алмайды, өйткені бұл әскери адамның антына қайшы. Бұл әскерде қызмет еткісі келмейтіндерге "жақсы амал" болар еді, деп хабарлады министрліктегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: