Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жыл басынан бері пневмониядан 3 327 адам қайтыс болған

ҚР ДСМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2020 22:40 ҚР ДСМ
Бірінші жартыжылдықта пневмониядан болатын өлім деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болған, аурудың қарқынды өсімі маусым айының аяғынан бастап тіркелген.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда тіркелген коронавирус пен пневмония жағдайларына кеңінен тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 1 қаңтары мен 15 шілдесі аралығында елімізде пневмонияның 234 187 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген аурулар саны 3,3 есеге өсті (70 926 жағдай).

Министр бұл көрсеткіштерге пневмонияның барлық түрімен ауырғандар енетінін баса атап өтті:

- стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар, клебсиела және басқа да көптеген бактериялар, паразиттер мен саңырауқұлақтар тудыратын бактериалды пневмония (Барлығы 45 824 жағдай тіркелген);
- белгіленген патогенді вирустан туындаған пневмония. Бұл аденовирустық, риновирустық пневмониялар, сондай-ақ параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустар - бұлар пневмонияның қоздырғышы анықталмаған кезде және ковид тәрізді пневмония жойылмаса, патогенді көрсетпестен вирустық пневмония болып саналды.

- Бірінші жартыжылдықта пневмониядан болатын өлім деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болған, аурудың қарқынды өсімі маусым айының аяғынан бастап тіркелген. Бүгін - қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен кейінгі 12-ші күн және бұл инфекцияның 14-күндік инкубациялық кезеңінің тізбегін бұзу үшін әлі де жеткіліксіз. Осы кезеңдегі өлімнің барлығы дерлік аурудың тіркелуі карантин енгізілгенге дейінгі кезеңде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен, биылғы жылдың 1 қаңтары мен 15 шілдесі аралығында пневмониядан 3 327 науқастың өлімі тіркелді. 2019 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1 886 жағдай болған еді (өсім 1,75 есе), - деді Цой.

Ол қазіргі уақытта пневмониямен ауыратын науқастар стационарлық және амбулаториялық деңгейде, оның ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру күдігі секілді барлық жағдайларын ескере отырып, медициналық ем алып жатқанына баса назар аударды.

- Біз барлық жағдайларды егжей-тегжейлі есепке аламыз, өйткені бұл кадрлармен, қаржылық ресурстармен, құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды жоспарлау кезінде маңызды, - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: