Жаңалықтар тізбегі
0

Елде 7 млн тоннадан астам дәнді және бұршақты дақылдар бастырылды

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2020 15:21 ҚР АШМ
Жалпы республика бойынша 1 қыркүйекке 5,8 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл жинау алаңының 37,3%.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталуға жақын, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамыз айының соңында Жамбыл облысында егін жинау жұмыстары аяқталды. Биыл Әулиеата өңірінде 359,3 мың га жерге дәнді және бұршақты дақылдар егілді. Аймақ диқандары 816,6 мың тонна бастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 136 мың тоннаға артық. Бұл жетістікке жамбылдықтар егіс алқабын 26 мың гектарға кеңейту және гектарынан 22,7 центрге дейін шығымдықтылықтың ұлғаюына байланысты жетіп отыр.

Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алқаптардың 95%-дан астамы жиналды. Өткен жылы осы күні осы өңірлерде егістіктің 75%-на жуығы жиналған еді.

Қазіргі уақытта БҚО-да орташа өнімділік гектарына 11,3 ц, Түркістан облысында гектарына 23,8 ц деңгейінде.

Алматы облысында егіс алқаптарының жартысынан көбі жиналды. Басқа өңірлерде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бүгінде егін алқаптарының 23-43% жиналды.

Жалпы республика бойынша 1 қыркүйекке 5,8 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл барлық жинау алаңының 37,3% құрайды. Орташа өнімділік 12,2 ц/га құрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: