Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында алтыншы "Сервистік әкімдік" ашылды

zakon.kz zakon.kz
Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері базасында "Open space" форматында жұмыс істейтін алғашқы сервистік әкімдіктің жоғары тиімділігі атап өтілді.

Таразда сервис әкімдігінің жаңа кеңсесі ашылды. Мұнда облыс орталығының тұрғындарына ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтер ұсынылатын болады.

Төле би көшесі, 55-үйде орналасқан фронт-офисттің жұмысымен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы барып танысты.
"Open space" форматындағы сервистік әкімдік жобасын Тараз қаласының әкімдігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп "Жамбыл – адалдық алаңы" жобасы аясында жүзеге асырған.

Мұнда қала тұрғындары нақты уақыт режимінде өз өтініштері бойынша ұсыныстар мен жауаптар ала алады. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру, - дейді Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді дамыту бөлімшесінің басшысы Меруерт Молдағалиева.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев барлық деңгейдегі әкімдіктердің сервистік форматқа көшуі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына толық сәйкес келетінін тілге тиек етті.

Егер біреу әкімдікке бір сұрақпен бас сұқса, ол оның шешімі басқа бөлімдермен тікелей байланысты екенін білмеуі мүмкін. Яғни, бірнеше мемлекеттік қызметті бір жерден алу қажет болады. Мұндай жобаны іске асыру адамдарды кабинеттер арасында бірнеше күн бойы сандалып жүруден босатады. Бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді, - деді ол.

Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері базасында "Open space" форматында жұмыс істейтін алғашқы сервистік әкімдіктің жоғары тиімділігі атап өтілді. Онда бөлімдер артық бюрократиясыз тікелей байланыс арқылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жаңа сервистік әкімдік тұрғындарға 20-дан астам танымал Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде ұсынатын болады.

Қазір бұл тәжірибе Таразда жүзеге асырылуда десек, алдағы уақытта ең көп мемлекеттік қызметтер көрсетілетін аудан орталықтарында да ашу көзделуде. Бүгіннің өзінде сервистік әкімдіктер Меркі, Талас, Сарысу аудандары мен Шу қаласында жұмыс істеп отыр. Жақын арада Байзақ, Т.Рысқұлов және Қордай аудандарында фронт-кеңселер ашу жоспарлануда.

Азаматтарды қабылдау ашық кеңседе өтеді. Егер азаматқа, мысалы, бөлім басшысымен немесе оның орынбасарларымен кездесу қажет болса, ол оған арнайы сол кеңседе қол жеткізе алады. Шыны қабырғалар, сондай-ақ бейне және аудио жазбалармен жабдықталған кеңсе кез-келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алары сөзсіз.

Бердібек Сапарбаев жаңа тұжырымдамамен танысып, жеделділік пен нәтижелік – әкімдік қызметіне қойылатын басты талап екенін атап өтті.

Сондықтан өтініштерді қарастыру, оны қызметкерден екінші қызметкерге жолдау ұзақ уақытқа созылмауы тиіс.

Азаматтар қысқа мерзімде жауап алуы тиіс. Сондай-ақ, кері байланысқа барынша көңіл бөлу керек. Егер сіз біреудің өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға мәжбүр болсаңыз, оның себебеі мен оған қажетті нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіріңіз, - деп қорытындылады аймақ басшысы.

Сондай-ақ, осы күні Бердібек Сапарбаев облыстық "Ана мен баланы" аялау орталығына ат басын бұрды. Мұнда 30 жыл бұрын салынған ғимаратта 150 адам орналаса алады. 19 күнгі жолдамамен өңірдің әр түкпірінен келген тұрғындар емделіп, оңалтылады. Жалпы алғанда, орталық жылына 2500-ден астам адамды қамтитын емделушілердің 17 ағымын қабылдай алады.

Сонымен қатар, орталық карантин кезінде симптомсыз науқастарды қабылдау арқылы коронавируспен күресуге өз үлесін қоса білді.
Аймақ басшысы айналадағы жасыл желекке, Талас өзені мен Тектұрмас сәулеттік кешенінің өте жақын орналасуына айрықша назар аударды.

- Сіздердің орталықтың әлеуеті зор. Жақын маңдағы аралды серуендеу үшін ыңғайлы етіп жабдықтауға болады. Ол кешеннің аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Бердібек Сапарбаев емдеу бөлмелерін аралап, науқастардың тұрмыс жағдайымен танысты. Орталық басшылығының өтініштерін тыңдап, ол барлық мәселелерді шешуге көмектесуге уәде берді.

Ғимараттың жағдайы өте жақсы, оны күтіп ұстау керек. Алайда әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі байқалады. Осыған орай қайта құру жоспарын жасауды тапсырамын, оған орталықтың басшылығы тікелей қатысқаны дұрыс. Барлық қаржылық мәселелер шешілгеннен кейін жұмысқа кірісеміз. Облыстың оңалту орталығы бүкіл аймақтың тұрғындарын қабылдайды, сондықтан сіздер алдымен келушілерге жайлы жағдай жасау туралы ойлануларыңыз керек. Мұнда келіп ем алу олардың жағдайларын жүйелі түрде жақсартуы тиіс, - деп қорытындылады ол.

Бұдан соң аймақ басшысы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылындағы 200 адамға арналған Мәдениет үйінің құрылысымен танысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: