Қар жауып, Кеген асуында көліктер тұрып қалды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 17:49 видеодан алынды
Осы уақытта қар тоқтады, көліктер транзиттік режимде өтіп жатыр. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Алматы облысының ТЖД қызметкерлері Кеген асуынан төрт адамды эвакуациялады, деп хабарлайды zakon.kz.

6 қазанда түскі астан кейін Кеген асуында қар түрінде қатты жауын-шашынның салдарынан автомобильдердің жиналуы орын алды.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментіндегілер атап өткендей, биіктігі 7-8 см болатын қардың салдарынан жазғы дөңгелегі бар көліктер өрге көтеріле алмады. Асуда 27 көлік кептеліп қалды, оның алтауы - жүк көлігі.

4 адам эвакуацияланды, арасында ауруханаға бара жатқан ер адам және екі балалы әйел бар.

Осы уақытта қар тоқтады, көліктер транзиттік режимде өтіп жатыр. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: