Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда облыстық әкімдік араласқан соң нан бағасы төмендетілді

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2020 17:59 24.kz
Бұл өңірде бір бөлке нанның бағасы 85-тен 95 теңгеге өскен.

Өткен демалыс күндері Тараз дүкендерінде нан бағасы 5-10 теңгеге өскен еді. Бұл шешім жергілікті билікпен келісілмеген күйі қабылданған. Жедел штаб қазір жағдайды жан-жақты зерттеп жатыр. Облыс әкімдігі тарапынан шұғыл шара қабылдануы арқасында дүйсенбі күні ірі сауда орындарында ас атасы бұрынғыдай 85 теңгеден сатыла бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тек аулалардағы шағын дүкендердің кейбірінде нан 5-10 теңгеге қымбатырақ сатылуда. Қалада негізгі 6 наубайхана бар. Олардың бесеуі бағаны өсіру туралы шешімге келген көрінеді. Нанның қымбаттауын олар солтүстік өңірлерден келетін ұн құнының өсімімен түсіндіріп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев тұрғындарды сабырға шақырып, жағдайдың реттелетінін жеткізді.

"Мониторинг кезінде бірқатар нан өндірушілері нан бағасын 85-тен 95 теңгеге дейін өсіргені анықталды. Қазір жедел штаб мұның қаншалықты қисынды екенін анықтау мақсатында тексеріс жүргізуде. Жергілікті билікпен ақылдаспай әрекет еткен кәсіпкерлер жауапқы тартылады", - деді ол.

Тиісті мониторинг жұмыстары монополияға қарсы және салық органдарымен бірлесе жүргізілуде.

"Нан бағасы бірнеше факторларға байланысты. Бірақ ең негізгісі ұнның бағасына келіп тіреледі. Ал қазір ұнның құны 115 теңгеден 130-140 теңгеге дейін өсіп кеткен" деп атап өтті Берік Нығмашев. Облыс әкімінің орынбасары "қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерделеу үшін барлық шаралар қолданылады" деп сендірді.

"Естеріңізде болар, өткен жылы осы уақытта нан бағасы өскен болатын. Сондықтан да биыл нан бағасын ұстап тұруға бағытталған алдын алу шаралары қабылданып, наубайханаларға ұн наурыз айынан қазанға дейін тұрақтандыру қорынан төмен бағамен берілген. Қазір тұрақтандыру қорында 500 тонна ұн бар. Қосымша тағы 2 000 тонна алынады. Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлар, оның ішінде нанның бағасын негізсіз өсіруге жол бермеуді тапсырды. Біз жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қолданатын боламыз. Қажетті ресурстарымыз жеткілікті. "Тараз" ӘКК ұн сатып алып, нан өндірушілерге төмендетілген бағамен ұсынбақ", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сөз соңында Берік Нығмашев Тараздағы нан бағасы басқа өңірлермен салыстырғанда арзан екенін атап өтті. Сонымен қатар "Тараз" ӘКК әлеуметтік дүкендерінде ас атасы 55 теңгеден сатылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: