Солтүстік пен Шығыс Қазақстанда 42 градус аяз күтіледі

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 17:53 pixabay.com
2020 жылғы 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы.

Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік Антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Термометр бағандары 35-42 градус аязға жетеді.

Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі.

Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Ол жауын-шашын, кей жерлерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының - күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерлерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі.

Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: