Тоқаев Ресей елшісін "Достық" орденімен марапаттады
ia-centr.ru
Ол II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталуына байланысты өзіне артылған жоғары сенімді ақтауға барынша тырысатындығын айтты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкинді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ресей елшілігі ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен А.Н.Бородавкин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды, - делінген елшіліктің Facebook парақшасында.
Ол II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталуына байланысты өзіне артылған жоғары сенімді ақтауға барынша тырысатындығын айтты.
Мен біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достық, одақтастық және интеграциялық серіктестіктің нығаюы мен жақсаруы үшін бар күш-жігерімді саламын, - деді Алексей Бородавкин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript