Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan-ның 18 мыңға жуық белсендісіне алғыс білдірді

Nur Otan, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 18:16 Nur Otan
Басқосулар барысында мәселелер ашық талқыланып, партияның сайлауда көздеген мақсаты тілге тиек етілді.

Әрбір қала мен ауданда 7 мыңнан астам нұротандық аға буын өкілдерімен, жастармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, жұмысшылармен, аграршылармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауыммен және басқа да азаматтармен кездесті. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, өткен электоральды науқанда біздің партия бір айға жетпейтін уақытта 7 миллионнан астам сайлаушыны қамти отырып, 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізді", деп жазды ол.

Әрбір қала мен ауданда 7 мыңнан астам нұротандық аға буын өкілдерімен, жастармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, жұмысшылармен, аграршылармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауыммен және басқа да азаматтармен кездесті. Басқосулар барысында мәселелер ашық талқыланып, партияның сайлауда көздеген мақсаты тілге тиек етілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 18:16

"Nur Otan"-ның жеңіске жетуіне жас белсенділеріміз үлкен үлес қосты. "Есіктен есікке" акциясы аясында жасотандықтар 1,4 млн үй мен пәтерлерді аралап, 6,2 млн үгіт материалын таратты.

Өңірдерде қоғамдық қабылдау бөлмелері қарқынды жұмыс істеп, оларға 95 мың өтініш түсті. Біздің кандидаттарымыз бен сенім білдірілген тұлғаларымыз 48 мыңнан астам адамды қабылдады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 18:16

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өткен сайлау барысында "Nur Otan"-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқаны үшін 18 мыңнан астам қатардағы белсенді мен партия жақтастарына алғыс хаттар жолдады. Олардың 70%-тен астамы – аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары. Марапатталатындардың 36%-ті – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар.

Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тұсында қол жеткізген бұл айқын жеңіс халықтың елдің тұрақты даму бағдарын жақтайтынын көрсетіп отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 18:16

Сондықтан біздің партия бір ай ішінде жұртшылыққа барлық ауданда, қалада және облыста сайлауалды уәделерді іске асыру бойынша жол карталарын ұсынады. Онда нақты нысаналы индикаторлар, жылдар бойынша іске асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты орындаушылары көрсетіледі.

"Nur Otan" – мақсаты айқын, нақты істер партиясы! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: