Қорғаныстық тапсырыстарды қазақстандық зауыттарға беру керек – сенатор

Qorǵanys Kásiporyndarynyń Qaýymdastyǵy, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 18:29 Qorǵanys Kásiporyndarynyń Qaýymdastyǵy
Екіншіден, ережелерді жиі өзгертуді доғару керек.

Қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстардың бірыңғай саясатын қалыптастырудың маңызы зор. Бүгінгі Сенат отырысында Нұржан Нұрсипатов өзінің депутаттық сауалында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сенатор заңға тәуелді актілерді "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заң нормаларына сәйкес келтіруді ұсынды. Екіншіден, ережелерді жиі өзгертуді доғару керектігін айтты.

2019 жылғы 14 қазанда заң нормаларын іске асыру үшін Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру және орындау ережелері қабылданды. Алайда, 8 айдан кейін өкілетті орган жаңа Ережелерді әзірлеп, Үкімет оны бекіткен. Заңнан кейінгі актілерді жиі өзгерту бизнес қауымдастық оның қызметіне кері әсерін тигізеді, – деген Нұржан Нұрсипатов осыған қатысты статистика мәліметтерін келтірді.

Сенат депутаты Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінің жаңа редакциясы оған отандық бизнестің қатысу мүмкіндігін төмендететінін айтып, алаңдаушылық білдірді. Нұржан Нұрсипатов бұл Президенттің өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру туралы тапсырмасына қарама-қайшы келетінін де атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: