Әкімдер сайлауы ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатыр - Тоқаев

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 23:36 zakon.kz
Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі - Тоқаев.

Мемлекет басшысы алқалы жиында әкімдер сайлауы ауыл халқының мүддесі үшін жүргізіліп жатқанын баса айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынына тоқталып, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

– Алдағы сайлау біз жүзеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы партиялық бәсекені күшейту мәселесіне назар аударды. Партиядан үміткер ұсыну мемлекеттің институционалдық тұтастығын бекемдей түседі және саяси үдерістің барынша ашық болуына септігін тигізеді.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екеніне баса мән берді.

– Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: