Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланды

senate.parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 16:43 senate.parlam.kz
Сессия аясында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшылық құрамына сайлау болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Венада (Аустрия) өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

ЕҚЫҰ парламентшілері Тұрақты комитеттің отырысы мен жалпы отырыс барысында Парламенттік Ассамблеяның ағымдағы қызметі мен басымдықтарын талқылады, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша шешім қабылдады.

Төраға орынбасары сессия аясында Әзербайжан, Болгария, Дания, Литва, АҚШ, Финляндия, Швецияның ұлттық делегацияларының басшыларымен, оның ішінде ЕҚЫҰ ПА-ның жаңадан сайланған төрағасы М.Седерфельтпен кездесті. Асқар Шәкіров еуропалық депутаттарды жаңғырту жөніндегі күн тәртібі аясында жүзеге асып жатқан Мемлекет басшысының демократиялық реформаларының үш топтамасымен таныстырды.

ЕҚЫҰ парламентшілері Президент Қ.К.Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге қолдау білдірді. Дания делегациясының басшысы П.Юэл-Йенсенмен кездесу барысында Қазақстанмен парламентаралық диалогты дамытуға баса назар аударылды және Дания Парламентінде Орталық Азиямен достық тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сессия аясында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшылық құрамына сайлау болды, оның қорытындысы бойынша Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров ұйым төрағасының орынбасары болып сайланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: