Жаңалықтар тізбегі
0

Екі тоқал алған түркістандық депутат дауға қалды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 04:50 видеодан кадр
Жансерік Сүлейменовтің мұнысы не?

Түркістандық келіншек "Астарлы ақиқат" бағдарламасында депутат күйеуінің жасырын екі тоқал алғанын айтты.

Іңкәр Сүлейменова депутаттың әйелі екен. Алайда 18 жыл бойы құлдықта болдым деп жылайды. Күйеуі мен енесінің, қайын сіңлісінің тепкісін көріп өмір сүрген. Әйел теңдігі мәселесін көпшілік алдында қозғап жүрген депутаттың өзі әйелін ұратын тым қызғаншақ еркектердің бірі екен, дейді Stan.kz.

"Күйеуімнің менен басқа екі әйелі бар. Оны менен жасырып алған. Бірде ауруханада тұрғанда бір оранған әйел қасында тұрды. Мен "бұл кім?" деп едім, кейін айтам деді. Ол әйел "Мен Жансеріктің әйелімін" деді. Мен шок болып қалдым. Жүкті болғандықтан ауруханаға келіп тұр екен. Кейін бәрін түсіндірді. Біреулерден одан 4 баласы барын естідім. Сол сәтте мені Умраға алып кетті. Күйеуім екеуміз кіші қажылыққа бардық. Бәрін ұмытасың деді. Солай біз әрі қарай тұра бердік", – дейді Іңкәр.

Айтуынша, күйеуі өте қызғаншақ адам. Тіпті болмашы дүние үшін шектен шығып, ақырында ажырасып тынған.

"Мен де орандым. Хиджаб кидім. Бір күні түнгі уақытта жұмыстарымды бітіріп алайын деп еден жудым да, суын далаға төгуге шықтым. Сол кезде жеңімді білегіме дейін түріп алған едім. Соны көріп мені ұрып тастады. Жеңіңді түргенше, тыр жалаңаш жүргенің жақсы деді. Солай мені тыр жалаңаш шешіндіріп далаға шығарып тастады. Мен "түнде ешкім көрмейді ғой, мен ыңғайсыз болғандықтан жеңімді түрдім" дедім. Ол тыңдамады. Кешірім де сұрадым. Бірақ намысыма келді. Бұл әрекеті шектен шықты. Сосын үйімдегілерге хабарласып, мені алып кет дедім. 18 жыл шыдадым. Шыдамым шегіне келді", – деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: