Украинаға рейстердің тоқтауына байланысты елімізде сенім телефоны іске қосылды
Сурет: pixabay
Украинадан ұшып келетін және Украинаға ұшып баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты Қазақстанда сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты Азаматтық авиация комитеті "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында жолаушыларға кеңес беруге арналған жедел желі қызметін іске қосты. Телефон нөмірлері: +7 7172 798213, +7 7172 798215Азаматтық авиация комитеті
Байланыс орталығы 5 наурызға дейін жұмыс істейді. Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін хабарласуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript