Қарақат Әбден: Бар байлығымыз, өміріміздің мәні - балалар
Сурет: Хабар 24
Қазақстан президенттігіне үміткер Қарақат Әбден сайлауалды науқанында сөйлеген сөзінде отбасы, ана мен балаға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, балалар – біздің барлық құндылығымыз, барлық байлығымыз және бүкіл өмірдің мәні.
Бағдарламамды қазақ үшін қастерлі ұғым - "шаңырақ" ұғымымен тарқатамын. Шаңырақта әке мен шешенің, ата мен әженің бақуатты өмір сүруі керек. Бар байлығымыз, өміріміздің мәні - балалар. Сәбиі мен сәбиін әлдилеген аналарға мына мүмкіндіктер жасалады: тегін орта білім беру мәселесін біржола шешу; мектеп балаларын ыстық тамақпен қамту; оқушыларымызға бос уақытында талантын шыңдауға жағдай жасау; мектеп бағдарламасында ұлттық құндылықтар бағытында тәрбие беретін жаңа пән енгізу. Елдің ертеңі - жастар. Жастарға мынандай мүмкіндіктер көзделді: орта және жоғары біліммен қамтамасыз ету; шәкітақыны еңбекақы жүйесіне тең есептеу; қыздарға арналған мәдени инабаттылық тәрбие беретін орталықтар ашу; оқу орны мен кәсіпорны апасындағы байланыс орнату. Қариясы жоқ ер жетім. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақал аталарымыз көненің көзі ғана емес, өмірлік тәжірбие жинаған жандар.Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден
Үміткер өз бағдарламасында тегін орта және жоғары білім алу, қыздарды оқыту орталықтарын ашу, оқу орындары мен жұмыс орындары арасында байланыс орнату мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын атап өтті.
Қарттарға ұрпақтың алғысы ретінде мынандай шаралар іске асырылады: қарттардың серуендеуіне арналған орындарды инфрақұрылымды жоспарлаған кезде ескеру; егде жастағы адамдарға көмек тізімін кеңейту; зейнеткерлерге елімізде жеңілдігі бар тарифпен саяхаттауға мүмкіндік беру. Бұл жандардың бәрі отбасын институтын құрайды. Бағдарламамның басты мақсаты отбасы институтын нығайту үшін жасалатын қадамдар. Үй алуға, пәтер алуға ақшалай сертификаттар беру. Қарақат Әбден
Аға ұрпаққа да қолдау көрсетілетінін айтты. Демалыс орындарының инфрақұрылымы дамытылады, медициналық қызметтердің тізімі кеңейтіледі. Зейнеткерлерге жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript