Жыл қорытындысы: биліктегі елді елең еткізген отставкалар мен тағайындаулар
2022 жылғы 5 қаңтар
Мемлекет басшысының жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметке Ерлан Қарин тағайындалды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
2022 жылғы 6 қаңтар
Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2016 жылдан бері атқарып келеді. Мәсімов екі рет – 2007-2012 және 2014-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының премьер-министрі болды. Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды.
Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы қызметінен босатылып, ҰҚК-нің жаңа төрағасы болып тағайындалды.
Сол күні Мемлекет басшысының өкімімен Берік Құнанбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Садықұлов бұл қызметтен босатылды.
Сәкен Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Әрінов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 8 қаңтар
Азамат Әбдімомынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды
Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 9 қаңтар
Бұл күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары Марат Осипов пен Дәулет Ерғожин қызметінен алынып, олардың орнына Бақытбек Қожанов пен Асқар Амерханов тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтар
Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды. Ол 2019 жылдың ақпан айынан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметін атқарып келген еді.
Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.
11 қаңтарда Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы жасақталды
Роман Скляр – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
Мұхтар Тілеуберді – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Бақыт Сұлтанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің Басшысы;
Мұрат Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Асқар Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Дәурен Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Аида Балаева Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ержан Қазыхан Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ерлан Баттақов Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы лауазымынан босатылды.
2022 жылғы 13 қаңтар
Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Ерлан Баттақов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы қызметін атқарды.
Ержан Қазанбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
Александр Данилов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
Абзал Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2022 жылғы 14 қаңтар
Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін 2016 жылдан бастап Әділет министрі болған.
Айгүл Шайымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.
2022 жылғы 15 қаңтар
Марат Сұлтанғазиев бұрынғы қаржы вице-министрі қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ержан Қазанбаев Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы болды. Бұған дейін ол осы ведомствода вице-министр болған.
2022 жылғы 17 қаңтар
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Серік Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды.
2022 жылғы 19 қаңтар
Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болды. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған.
Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 25 қаңтар
Парламент сенаты төрағасының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Мемлекет басшысының жарлығымен сол күні босатылған Берік Имашев атқарған болатын.
Талғат Жақан Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 26 қаңтар
Арыстанғани Заппаров Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
2022 жылғы 27 қаңтар
Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
Роман Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметінен босатылды.
2022 жылғы 28 қаңтар
Мемлекет басшысының жарлығымен Ләззат Қалтаева Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды.
2022 жылғы 31 қаңтар
Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылып, Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Айнұра Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ақан Әбдуалиев Мәдениет министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Роза Кәрібжанова Мәдениет комитетін басқарды.
Сондай-ақ қаңтарда ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер құрылымдарында, депутаттық корпуста кадрлық өзгерістер болды.
Марат Ирменов ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Марат Ирменов бұл қызметке тағайындалғанға дейін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментін басқарды, қазір ол қызметті Нұрлан Кәрібжанов атқарып жүр.
Василий Скляр Павлодар облысының полиция департаментінің басшысы болды.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін бұған дейін Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Айдын Қабдулдинов басқарды.
Ерлан Омарбеков Қостанай облысының полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Абай Жүсіпов Ақтөбе облысының полиция департаментіне басшы болды.
Марат Төлебаев Астана полиция департаментін басқарды, бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПД басшысы болған.
Серік Жүнісбеков Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды.
2022 жылғы 1 ақпан
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске Қазақстан Республикасы парламентінің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.
Сол күні мәжіліс депутаттары Қошановты Қазақстан Республикасы парламентінің төменгі палатасының жаңа төрағасы етіп сайлады.
Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 2 ақпанда
Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Асхат Оралов партияның жауапты хатшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 3 ақпанда
Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштері арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 4 ақпан
Парламент мәжілісі аппаратының жаңа басшысы болып Ренат Айтаев тағайындалды.
2022 жылғы 7 ақпан
Азамат Жолманов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 9 ақпан
Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
2022 жылғы 14 ақпан
Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Республиканың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметіне тағайындалды.
Руслан Желдібай Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Әсем Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.
2022 жылғы 16 ақпан
Мемлекет басшысының өкімімен Айгүл Шайымова Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 17 ақпан
Нұргүл Мауберлинова ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.
Данабек Керімрай Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 18 ақпан
Айбат Ілиясов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 23 ақпан
Еркебұлан Дауылбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 24 ақпан
Ұлан Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 25 ақпан
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Тілепов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды.
Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды.
Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 2 наурыз
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Берік Асылов Бас прокурор болып тағайындалды. Бұған дейін ол үш жылға жуық бас прокурордың орынбасары болды.
2022 жылғы 9 наурыз
Аманжол ӘлтайAMANAT партиясынан Парламент мәжілісіне депутат болды.
2022 жылғы 29 наурыз
Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 5 сәуір
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
2022 жылғы 7 сәуір
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Серік Шәпкенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылып, Атырау облысының әкімі болды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды.
2022 жылғы 11 сәуір
Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болған.
2022 жылғы 21 сәуір
Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 11 маусым
Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты болған.
2022 жылғы 8 шілде
Мемлекет басшысының келісімі бойынша Дастан Секенов Қазақстанның бас әскери прокуроры болып тағайындалды.
2022 жылғы 15 тамыз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Сұлтанов 2022 жылғы қаңтардан бастап атқарған Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды.
2022 жылғы 16 тамыз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
2022 жылғы 2 қыркүйек
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды.
2022 жылғы 26 қыркүйек
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 8 желтоқсан
Жақып Асанов 2017 жылдан бері атқарып келген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы қызметінен босатылды.
Парламент сенаты Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаңа төрағасы – Асламбек Мерғалиевті сайлады.
Нариман Төреғалиев Парламент Сенатының депутаты қызметінен босатылды.