Жаңалықтар тізбегі
0

Саясаттанушы жаңа тағайындаулар туралы: Бұл өзгеріс Назарбаев кезеңіндегіден өзгерек...

Саясаттанушы пікірі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 20:51 Сурет: senate.parlam.kz
"Жыл жаңа тағайындаулармен басталды. Бұл өзгеріс Назарбаев кезеңіндегіден өзгерек, кем дегенде мазмұны жағынан". Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұрын кез келген отставка немесе тағайындаудың логикалық мән-мағынасы болмайтын. Мысалы, "қолынан келмеді" деген себеппен министрді лауазымынан босатқан емес. Орнынан алатын, жаңасын тағайындайтын, болды-бітті. Ал бұл жолы Үкіметке: "Алдағы белгіленген міндеттерді игеруге бұл құрам қабілетті ме" деген сұрақ қойылды. Бұдан кейін Үкімет басшысы өз қарым-қабылетіне күмәнмен қарайтындардан орындарын босатуды сұрады. Министрлердің қайсібірі өз еркімен отставкаға кетуге ерік білдірді деп айту, әрине қиын. Қалай дегенмен де бірнеше орын босап қалды. Әрі оның өткен жиналыс алдында алға тартылған сұрақтарға тікелей байланысы бары анық", деп жазады Талғат Қалиев Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, негізінде, бұл арада жекелей жауапкершілік институтын құру жайлы сөз болып отыр.

"Егер осы бағыттағы жұмыс өз жалғастығын тапса, онда алда қандай да бір министрдің не үшін тағайындалғанын немесе не үшін отставкаға кеткенін құмалақ ашып, бажайлап отырмайтын боламыз. Ал енді кейбір жағдайларда, айғай-шу орын алып, алға қойылған міндет атқарылмаған жағдайда жауапты тұлғаның көп ұзамай отставкаға кететінін еш қиналыссыз болжай беруге болады", делінген жазбада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: