Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін сақтап қалды
Тамара Дүйсенова 1965 жылы Қазақ КСР-і Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Ленин ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласындағы Ильич атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.
1988-1992 жылдары Өзбек КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтында экономист болып жұмыс істеді.
1992-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист болды.
1993-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласы «Перизат-холдинг» компаниясында бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімшілігі басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.
1994-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары болды.
1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
2008-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.
2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2022 жылғы 11 сәуірде ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.