Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Нұртілеу Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді

Израиль, ХАМАС, ЦАХАЛ, соғыс, Палестина, Таяу шығыстағы қақтығы жөнінде Қазақстанның ұстанымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 15:25 Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 3 қарашада Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform агенттігінің мәлімдеуінше, сыртқы істер министрі Қазақстан тез арада атысты тоқтатуға шақыратынын айтты.

"Елдеріміз бен халықтарымыздың тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз еткіміз келсе, қазіргі геосаяси турбуленттілік пен экономикалық сын-қатер бізден ТМҰ шеңберінде келісілген күш-жігерді талап етеді. Сондықтан еліміз Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықтың ушығуына қатты алаңдайды. Біз халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа қосыламыз және Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты дереу тоқтатуға шақырамыз", – деді М. Нұртілеу.

Бұған қоса министр Қазақстан БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік ұстанып, теңгерімді, көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Палестиналық ХАМАС содырлары 2023 жылғы 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, тағы көптеген адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыс қанды қырғынға айналды. Израиль армиясы қазір Газа секторында құрлық операциясын жүргізіп, ХАМАС-тың жер асты туннельдерін қиратып жатыр. Газа секторы мен Мысыр шекарасында жалғыз өткізу пункті ашылып, бірнеше жүз адам қоршауда қалған анклавтан шығуға мүмкіндік алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: