Қостанай облысында Сенат депутаты сайлауы өтеді

Сайлау, Сенат депутаты, Қостанай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 20:26 Сурет: freepik
2023 жылы 20 желтоқсанда Қостанай облысынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған Гауез Нұрмұхамбетовтың орнына сайлау өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау күні сағат 10:00-ден бастап Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында тандаушыларды тіркеуді онлайн байқау сервисі ұйымдастырылады. Ол баршаға қолжетімді болады, ал дауыстарды санағаннан кейін дауыс берудің алдын ала қорытындылары орналастырылады.

Сайлау заңнамасына сәйкес, Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Жанама сайлау құқығы ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлауға тек сайлаушылар - мәслихат депутаттары ғана қатысатынын білдіреді.

2022 жылы 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 жылдың 14 қаңтарына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары сайлауын тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды. Сайлау қорытындысы бойынша ОСК нәтижелерін жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: