Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды
Сурет: Facebook/Куандык Бишимбаев
Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы заңгер Жанна Мұхамади айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адвокаттың айтуынша, өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланған.
"Қазір біз іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Бірақ қылмыстық істің материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Мұндай істер бойынша менің тәжірибем жеткілікті, бұрын да қатыстым. Бірақ мен сарапшылардың қорытындысына таңғалдым. Мұндай қатыгездік пен байсалдықты бұрын-соңды көрген емеспін. Қазір Салтанаттың туыстарына деген құрметімізден кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз", - деп жазды Жанна Мұхамади.
Оның атап өтуінше, тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушы тарапынан өтініштер түскеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі.
2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript