Германияда ереуілге байланысты мыңнан аса ұшақ рейсі тоқтатылды

Германияда ереуілге байланысты мыңнан аса ұшақ рейсі тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 13:04 Сурет: pixabay
Германияның 11 әуежайында бүгін басталған ереуілге байланысты 1100 ұшақ рейсі тоқтатылды.

Әуе айлақтарының жолаушылар мен жүкке жауап беретін қауіпсіздік қызметкерлері жұмысқа шықпаған.

Олар жалақыны сағатына 2 доллар 80 центке өсіруді, сыйақыны көбейтуді және үстеме жұмыс ақысын төлеуді талап етіп жатыр. Наразылық акциясы салдарынан 200 мыңдай жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

"Люфтганза" әуе компаниясы жолаушыларға билетті басқа күнге тегін айырбастауды ұсынды.

Ереуіл жариялаған 25 мың қызметкердің атынан "Верди" кәсіподағы Әуе қауіпсіздігі компанияларының федералдық қауымдастығымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: