Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты қалай күтіп алды
Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 11 наурызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге мемлекеттік сапармен ұшып барды. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Тоқаевтың Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевпен кездесуінің кадрларын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің "Загульба" резиденциясына келді.
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


