Леонардо да Винчидің туындысы Қазақстанға алғаш рет әкелінді: Мемлекет басшысы арнайы барып тамашалады

Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 15:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 маусымда елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған "Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер" атты көрмені таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің "Әдемі ханшайым" (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Сурет: akorda.kz

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның "Scripta Maneant" баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.

Сурет: akorda.kz

Ақорда мәліметінше, көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.

Сурет: akorda.kz

"Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады",- делінген Ақорда мәліметінде. 

5 маусымда Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды. Артынша, медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: