Қазақстан мен Оңтүстік Корея басшылары қос елдің өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёл Қазақстан мен Кореяның танымал мәдениет қайраткерлерінің, өнер ұжымдарының концертін тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.
Концертте жеке орындаушылармен қатар, "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, "Бірлік", Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті.
Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады.
Сурет: Ақорда
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript