Францияда парламенттік сайлауда әсіре оңшылдар басым түсті

Францияда парламенттік сайлауда әсіре оңшылдар басым түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2024 16:45 Сурет: pixabay
Францияда өткен парламенттік сайлаудың бірінші турында әсіре оңшылдар, яғни, нәсілшілдер мен әсіре ұлтшылдар басым түсті.

Алдын-ала мәліметке қарағанда, Марин Ле Пен мен Жордан Барделланың "Ұлттық бірлестігі" 34 пайызбен алда келеді.

Ал президент Эммануэль Макронның центристік партиясы 20 пайызбен үшінші орыннан көрінді.

Екінші тур келесі жексенбіде өтеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Онда тағы да ұтатын болса, оңшылдар парламентте көпшілікке айналып, Еуропа одағының жетекші елдерінің бірі - Франция үкіметі ұлтшыл популистердің қолына өтуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: