Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли маңызды ақпаратпен бөлісті

Қасым-Жомарт Тоқаев, сұқбат, Ана тілі, Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 21:12 Сурет: akorda.kz
2025 жылдың 3 қаңтар күні "Ана тілі" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Бұл ақпаратпен 2024 жылы 30 желтоқсанда президенттің көмекшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылдың 3 қаңтар күні "Ана тілі" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды", деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, бүгін 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң жобасына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: