Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 11:30 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: