Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысты

ЖЭО, Тоқаев, Мемлекет басшысы, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 17:09 Сурет: Ақорда
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін, қосымша қуаты сағатына 1100 Гкал болатын "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Биыл "Тұран" стансасының екінші кезегін толығымен аяқтау, сондай-ақ "Телман" стансасы мен екінші ЖЭО-ны кеңейту және "Оңтүстік-Батыс" газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр. Бұл жобалардың барлығын жүзеге асыру 2035 жылға дейін жоспарланған қосымша жылу энергиясын алуға мүмкіндік береді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа үшінші ЖЭО-ның екінші кезегі аясында бу-газ қондырғысын орнату жоспары көрсетілді.

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысына үшінші ЖЭО-ның табиғи газбен жұмыс істеп, ең жоғары қуаты сағатына 440 Гкал өндіруге жететіні жөнінде баяндалды. Бұл жылу энергиясы шаһардың оңтүстік-батыс бөлігінің сұранысын өтейді. Қазіргі уақытта үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін қосымша отын қорымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Президент Астананың энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамытудың маңызына назар аударды.

ЖЭО, Астана, Тоқаев, Досаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 17:09

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: