Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев, Астана, суперкомпьютер, іске қосу рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 18:18 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 9 шілдеде Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады.

Суперкомпьютер, Астана, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 18:18

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді.

Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады. 

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Президент елордадағы үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегінің қызметімен танысқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: