Қазақстан Канадамен өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификацияламайды
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа Қазақстан Республикасының қатысушысы болмау ниеті туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа Қазақстан Республикасының қатысушысы болмау ниеті туралы Канаданы хабардар етсін", – делінген құжатта.
Жарлық 2025 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісім 2003 жылы 25 маусымда Оттавада жасалған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript