Қазақстан президенті әлемдегі ядролық қақтығыс қаупі туралы айтты
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 17 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысында адамзат алдында тұрған қауіп-қатерлер туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы атап өткендей, әлемде конструктивті бастамалар мен бітімгершілік саясаттың орнына қақтығыстық ойлау белең алып, геосаяси жіктер кеңейіп, әлеуметтік шиеленіс артып келеді.
"Ядролық қақтығыс қаупі алаңдатады. Мұндай Армагеддон ықтималдығы соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейде тұр деп сарапшылар бағалап отыр", – деді ол.
Президенттің айтуынша, осындай күрделі жағдайда халықаралық аренада диалогты дамыту, өзара жатсынуды еңсеру және сенімді арттырудың басты құралы ретінде конструктивті дипломатия шешуші рөл атқаруы тиіс.
"Біз сондай-ақ өркениетаралық алмасуды дамыту мен адамдар мен қоғамдар арасындағы сенімді нығайту үшін ерекше жауапкершілікке ие діни лидерлерге үлкен үміт артамыз. Діни лидерлер әлемді хаос құрдымына кетуден сақтап, көптеген саясаткерлерге парасат, ізгі ниет пен моральдық жауапкершілік туралы еске салу үшін бар күшін салатынына сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін президент Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда мол тәжірибе жинақтағанын атап өткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript