Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Украина шиеленісінде делдал болып табылмайды

Тоқаев, Қазақстан, Ресей, Украина, шиелені, делдал, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 19:53 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста делдал болып табылмайтынын және өзін олай санамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметі атап өткендей, Президенттің пікірінше, қос тарап барлық даулы мәселелер бойынша екіжақты негізде және әртүрлі деңгейлерде диалог жүргізуге қабілетті.

"Әрдайым "Украина дағдарысы" өте жоғары деңгейде күрделі және оны оңтайландыру мүмкін емес деп санап, мұны көп алдында айтып келемін. Соғыс қимылдары жалғасқан сайын көптеген мәселелер туындауда: территориялық, тарихи, ұлттық, тілдік және, әрине, саяси. Иә, территориялық мәселе қазір ең маңыздысы және қиыны, бірақ тарихи тақырыптағы (Киев Русі, "территорияны сыйға тарту", украин мемлекеттілігі және т. б.) қосарлас жүріп талқыларға байланысты оның практикалық шешімін келіссөздер үстелінде қарау, әзірге мүмкін болмауда, оның үстіне бұл ретте әртүрлі пікірлер, соның ішінде ерекше және тіпті, экзотикалық пікірлер де айтылып қалуда", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол келіссөздерді ары қарай жалғастыру керектігін айтты.

"Егер Ресей мен Украина көшбасшыларының Қазақстанға келгісі келетін ниеті болса, онда біз келіссөздерді сәтті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қызметтерді ұсынамыз. Бірақ, ең бастысы: жоғары деңгейдегі кездесулер дипломаттар мен басқа да қызметтермен сараптамалық деңгейде мұқият дайындалады, бұл - аксиома", – деп есептейді Мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, соғыс қимылдары жалғасып, күн тәртібіне қойылған барлық басты мәселелерде бір тоқтамға келе алмау жағдайдында одан оңтайлы нәтиже шығады деп үміттену - ақылға қонымсыз тәсіл.

"Қорытындылай келе, мен мынаны нақты айта аламын: біз Украина мен Ресей арасында тікелей келіссөздердің басталуын қолдаймыз, бірақ өзара түсіністікке жету үшін алдын-ала жұмыс жүргізілуі қажет. Делдал болмай-ақ, Қазақстан, егер қажеттілік туындап жатса, барлық деңгейдегі келіссөздер мен кездесулер орыны ретіндегі "игі қызметпен" айналысуға дайын", – деп сөзін түйіндейді Тоқаев.

2025 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі өтті.

Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Кейінірек Кремль Зеленскийдің бұл ұсынысына қатысты жауап берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: