Қазақстанда парламенттік реформаны жетілдіруге қатысты азаматтардан онлайн-ұсыныстар қабылдау басталды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
15 қазан 2025 жылы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қазақстанда парламенттік реформаны жетілдіру бойынша азаматтардан онлайн-ұсыныстар жинау басталғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Өзінің Telegram-арнасында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыс тобының алғашқы отырысында азаматтардың парламенттік реформаны талқылауға қатысуының маңыздылығын атап өткенін еске салды.
"Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады. Олар "Парламенттік реформа" атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады. ", – деп жазды Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру – Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізгі қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Еске салайық, 14 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript