Ресей шекарасына баратын жолды жөндеген мердігерге 4 млн теңге айыппұл салынды

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 13:24 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға жауап ретінде Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы автожолын күрделі жөндеу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2023 жылы Даут пен Кішкенекөл ауылдары арасындағы 58 км жол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын еске салды.

"Жолды күрделі жөндеудің жалпы құны – 30,8 млрд теңге, қаржыландыру бастапқыда республикалық бюджет есебінен жүргізілді. Қазіргі таңда 6,5 млрд теңге бюджет қаражаты игерілді, оның арқасында аталған учаскелерде қажетті жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Даут – Талшик учаскесі бойынша, 2023 жылғы қарашада "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС компаниясымен 11,3 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. 2024 жылы мердігер ұйым объезд жолын, жер жабынын, төсеніш қабатын, сонымен қатар су өткізгіш құбыр мен мал өту жолын салды", – делінген жауапта.

Биыл фрезерлеу, жер жабынын және объезд жолын салу жұмыстары жүргізілген.

"Алайда, жұмыстың әлсіз ұйымдастырылуы және мердігердің міндеттерін дұрыс орындамауы салдарынан келісімшарт шарттарына сәйкес мердігерге 4 млн теңге айыппұл салынды", – деп атап өтті Бозымбаев.

Айыппұл толық көлемде төленгені мәлімделді.

Талшик – Кішкенекөл учаскесі бойынша, 2023 жылғы тамызда "Көкшетауавтодор" ЖШС компаниясымен 19,5 млрд теңгеге келісімшарт жасалды. Мердігер ұйым төменгі және жоғарғы қабаттар, төсеніш қабаты, фрезерлеу, жеті су өткізгіш құбыр салу жұмыстарын орындап, көпірді жөндеуді аяқтады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы жолдарда 2 мыңнан астам ақау анықталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: