Астана мен Токио ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 08:21 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді.

2025 жылдың 19 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, кездесу барысында тараптар цифрландыру, Smart city технологиялары, қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллектіні қолдану және мегаполисті басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін барынша жайлы, экологиялық таза, қауіпсіз әрі инклюзивті қалалық орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы қаланы басқару жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы әріптестіктің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Кездесу аясында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Аталған жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, қаланы басқару тиімділігін арттыруға және орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін озық технологияларды пайдалануға бағытталған.

Сурет: akorda.kz

Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: