"Қош келдіңіз!": Токио губернаторы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды

Токио губернаторы Мемлекет басшысын қазақ тілінде қарсы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 09:17 Сурет: akorda.kz
2025 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, ресми сапар аясында Токио қаласының губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде "Қош келдіңіз!" деп жылы шырай таныта қарсы алды.

Бұл ілтипат екі ел арасындағы достық пен өзара сыйластықтың белгісі ретінде бағаланды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда цифрландыру, Smart city технологияларын енгізу, жасанды интеллектіні қала басқару жүйесіне пайдалану және орнықты даму бағытындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Сонымен қатар мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз, экологиялық таза әрі инклюзивті қалалық орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат қалаларды басқаруда инновациялық шешімдерді енгізу және тәжірибе алмасуды көздейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: