Жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экологиялық саясаттағы басымдықтарына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың заңнамалық негізде күшейтіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 13:25 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экологиялық саясаттағы басымдықтарына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың заңнамалық негізде күшейтіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілген.

"Экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу біз үшін жай ғана мәселе емес. Ол – ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы", – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстанның экологиялық таза энергияға көшу, биоалуантүрлілікті қорғау, тозған жерлерді қалпына келтіру, су ресурстарын тиімді басқару, су үнемдеу саясатын енгізу және өңірлік экологиялық ынтымақтастықты нығайту бағыттарында жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, ешбір мемлекет жалғыз өзі табысқа жете алмайды, сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш біріктіру маңызды.

"Біз бұл міндеттерді нақты іс-қимыл, жаңа технологияларды енгізу және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестициялар арқылы орындаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: