Президент: Жасанды интеллект деструктивті күштердің қолында қауіпті қаруға айналуы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" форматындағы ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді әрі нақты шешімдердің тиімді алаңына айналатынына сенім білдірді., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 16:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" форматындағы ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді әрі нақты шешімдердің тиімді алаңына айналатынына сенім білдірді.

Президенттің айтуынша, өңірдегі ішкі тұрақтылыққа қауіп төндіретін қылмыстық элементтердің әрекетіне жол бермеу үшін жүйелі әрі батыл қадамдар қажет.

"Қазақстан заң үстемдігін қамтамасыз етуді құқық қорғау қызметінің ғана емес, мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыты ретінде қарастырады. Біз "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын дәйекті түрде нығайтып келеміз. Маңызды міндеттердің бірі – ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтардың қаржы ағынына тосқауыл қою. Экстремизм идеяларының таралуын, лаңкестік топтардың интернет арқылы адамдарды арбауын әшкерелеп, террорлық әрекеттердің алдын ала жолын кесу қажет. "Орталық Азия – Қытай" форматы елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімдімін", – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы цифрлық кеңістіктің дамуы киберқауіпсіздік мәселесін жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

Оның пікірінше, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс шекара таңдамайды және азаматтарға, бизнеске, мемлекеттік құрылымдарға елеулі қауіп төндіріп отыр.

"Гибридті және ақпараттық технологиялар жалған мәлімет тарату құралы ретінде қолданылып, алауыздық туғызуға себеп болады. Деструктивті күштердің қолындағы жасанды интеллект ауыр салдарға әкелуі мүмкін жойқын ақпараттық қаруға айналды. Осыған байланысты қазіргі ықпалдастық тетіктерін жүйелі түрде жетілдіріп, киберқауіпсіздік саласында проактивті іс-қимылға көшу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: