Президент жастардың білім алуына қатысты маңызды бастаманы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу ісінде мемлекет пен ата-аналар бірдей жауапты екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 13:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу ісінде мемлекет пен ата-аналар бірдей жауапты екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, ғылымды қолдау және ғалымдарға құрмет көрсету қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық және жасампаздық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

"Ғылымды қолдау, ғалымдарға ел болып құрмет көрсету – бұл ең алдымен қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық құндылықтарын орнықтыру деген сөз. Зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу – баршаға ортақ парыз. Оған мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ой-өрісі мен білімге деген көзқарасы өскелең ұрпақтың ғылымға қызығушылығына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Президент өткен жылы "Келешек" бірыңғай жинақтау жүйесін құру туралы заңға қол қойылғанын еске салды. Бұл жүйе ата-аналарға баласының болашақта сапалы білім алуына алдын ала қаражат жинауға мүмкіндік береді.


"Қазірдің өзінде 200 мыңға жуық азамат арнайы есепшот ашты. Мұны болашаққа салынған ең ұтымды инвестиция деуге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: