Елімізде БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісім ратификацияланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 18:43 Сурет: zakon.kz
Президент Қазақстанда БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 17 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды".

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны нақтыланады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: