Тоқаев Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді

Алатау қаласы, Тоқаев, Жарлық, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 20:45 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" алдында шығарылған Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 8 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Мемлекет басшысы "Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды".

Айта кетсек, 2026 жылы 8 мамырда Мемлекет басшысы "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының қарқынды әрі орнықты дамуы үшін жағдай жасау.

Қаланың ерекше құқықтық мәртебесіне сай инновациялар, инвестициялар және экономикалық өсім үшін қолайлы орта құруға бағытталған дербес экожүйені қалыптастыруды көздейтін түбегейлі жаңа тәсілдер қолданылады.

Конституциялық заңға сәйкес, қаланы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік, кеден ісі, цифрлық активтер, құмар ойындары, әлеуметтік сала, қаржы нарығы, архитектура мен қала құрылысы, экология әрі қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларды реттеудің негізгі қағидалары белгіленді.

Сондай-ақ, бұған дейін Қонаевтың бір бөлігі Алатау қаласы құрамына өтетіні хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: