Қазақстан мен АҚШ СІМ басшылары не туралы сөйлескені белгілі болды

Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан, АҚШ, телефон, сөйлесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 22:26 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 29 шілдеде ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары кеңейтілген стратегиялық әріптестік шеңберінде екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарастырды.

"Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады", деп хабарлады СІМ.

Сұқбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды.

Бұған дейін ҚКК жұмысына байланысты мұнай өндіру көлемі уақытша азайғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: