ОСК: Құрылтай сайлауына шетелдік байқаушылардың қызығушылығы жоғары
Сурет: ОСК баспасөз қызметі
Құрылтай сайлауын бақылауға 777 шетелдік байқаушы қатысады. Олар 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның атынан келеді. Сондай-ақ байқаушылар қатарында 41 ел парламентінің 138 депутаты бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорытынды мәліметтер бүгін, 2026 жылғы 18 тамызда Орталық сайлау комиссиясының отырысында жарияланды. ОСК хатшысы Мұхтар Ерман аккредиттеуге өтінім қабылдау бір күн бұрын аяқталғанын атап өтті.
"Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 18 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 121 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД Байқаушылар миссиясынан – 8, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы – 4, ЕҚЫҰ ДИАҚБ Байқаушылар миссиясынан – 7, ШЫҰ миссиясынан – 6, Түркі академиясынан – 3 байқаушы бар. Сондай-ақ Қытай, АҚШ, Таиланд, Ұлыбритания, Түркия, Моңғолия, Үндістан, Индонезия, Франция, Ирак, Словакия, Өзбекстан, Филиппин, Жапония, Бельгия, Иордания, Сербия және Түрікменстан елдерінен 93 байқаушы ұсынылды", – деп хабарлады Мұхтар Ерман.
Отырыс барысында шетелдік байқаушылар санының көп болуы Қазақстанда өтіп жатқан тарихи Құрылтай сайлауына халықаралық қоғамдастықтың жоғары қызығушылығын көрсететіні атап өтілді.
"Халықаралық байқаушылардың саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Олардың қатысуы сайлау науқанының ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді. Бұл – біздің халықаралық міндеттемелерді ұстануымыздың, сондай-ақ электоралдық салада халықаралық ұйымдар және шет мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келе жатқанымыздың дәлелі. Сондай-ақ басқа елдердің орталық сайлау органдарындағы әріптестеріміздің қатысатындығын атап өткім келеді. Олардың Қазақстанда өткізілетін сайлау науқандарына тұрақты қызығушылық танытып келе жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Құрылтай сайлауын байқауға 22 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, оның ішінде 11 сайлау комиссиясының төрағалары қатысады", – деді Нұрлан Әбдіров.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript