Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 09:27 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке елдің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды.

Президент құттықтауында Өзбекстанның Тәуелсіздік күні ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын маңызды мереке екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанатынын айтып, екі ел арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен өзара қолдауды жоғары бағалайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстанның көпқырлы ынтымақтастығы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді.

"Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: