Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасының Президенті Петер Пеллегриниге Конституция күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды.
Президент құттықтауында достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастардың алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниге жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript