Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Қойшыбаевты қайта тағайындады
Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылғы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты.
1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде атташе, үшінші хатшы, бірінші хатшы, кеңесші және кеңесші-уәкіл қызметтерін атқарды.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Өкілетті өкілі болды.
2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Латвия, Эстония және Финляндия республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.
2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2019 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы лауазымына қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына қайта тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.