Қанат Бозымбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды

Қанат Бозымбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 10:43 Сурет: akorda.kz
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 31 наурыздан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың оны тағайындау туралы Жарлығын Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 қыркүйекте, бейсенбіде жариялады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев -1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.

1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы — ҚР Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997–1998 жылдары — "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

1998–2000 жылдары — ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаментінің директоры.

2000 жылы — ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 жылы — "KEGOC" ААҚ бірінші вице-президенті.

2001–2007 жылдары — "KEGOC" ААҚ президенті.

2007–2008 жылдары — "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ басқарма төрағасы.

2008–2009 жылдары — "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы.

2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Жамбыл облысының әкімі.

2013–2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі.

2016–2019 жылдары — ҚР энергетика министрі.

2019–2021 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.

2021–2022 жылдары — Алматы облысының әкімі.

2023–2024 жылдары — ҚР Президентінің кеңесшісі.

2024 жылғы 31 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: